Сайлауалды бағдарлама – бақылауда
Сайлауалды бағдарлама – бақылауда
654
оқылды
«AMANAT» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сай­лауал­ды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген жол кар­тасының орындалуын бақылау мақсатында Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Рашкүл Оспаналиева мен Байкен Әшірбайұлы Оңтүстік айналма жолының жол құрылыс сапасымен танысты. «Оңтүстік» айналма жолдың құ­рылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі. 2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы 16 шақырымды құрайды. Айналма жолдың Шымкент – Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылып жатыр. Құрылыс нысанының 6 учаскесін­де жолдың негізін дайындау, қазу жұ­мыстары қолға алынған. Биыл жо­лай­рық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орны ауыстырылады. Жобаға сәйкес 4 орын­нан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр.