Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, дауыл сағат 21.50 шамасында күшейген. Жел №2 мектептің шатырын ұшырып әкетті. Ауданы – 100 шаршы метр. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің 50 шаршы метрі ұшып кетті. Жеке үйдің шатыры бүлінді. Апат салдарын жоюға жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды.
Дауылдан тұрғындар зардап шеккен жоқ.