Қазақстан мектептерінде оқу жылы 2 аптаға ұзартылады
Қазақстан мектептерінде оқу жылы 2 аптаға ұзартылады
© Gazeta.uz
1,063
оқылды
"Ашық НҚА" порталында Оқу-ағарту министрлігі бұйрығының жобасы жарияланды. Соған сәйкес, Қазақстанда оқушыларға оқу жылын екі аптаға ұзарту ұсынылған. Құжатқа сәйкес, бірінші сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 35 апта болса, 2-11 (12)-сыныптарда 36 оқу аптасы болады.
Алдағы оқу жылында мынадай демалыс кезеңін белгілеу ұсынылған:
күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашасын қоса алғанда);
қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);
көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылғы 18-26 наурызды қоса алғанда).
Бірінші сынып оқушылары үшін де 2023 жылдың 6 ақпаны мен 12 ақпанын қоса алғанда қосымша жеті күндік каникул енгізіледі деп жоспарланып отыр.
"Қосымша екі оқу аптасын қосу арқылы оқу жылының ұзақтығын арттыру күніне сабақтар санын азайтуға, күрделі тақырыптарды оқу қарқындылығын төмендетуге, білім беру процесін дамытатын оқыту қағидаттарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді",делінген хабарламада.
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 2 тамызға дейін жалғасады. Бұған дейін Қазақстан мектептерінде оқу жылын тамызда бастап, маусымда аяқтау ұсынылған болатын.