Зейнеткер мұғалімдер не себепті орнынан кетпей отырғанын айтты
Зейнеткер мұғалімдер не себепті орнынан кетпей отырғанын айтты
Фото: Интернеттен алынды
278
оқылды
«Ашық алаң» бағдарламасының тікелей эфирінде қоғам белсендісі Дана Рау зейнет жасына жеткен мұғалімдердің не себепті орнын босатпай жатқанын айтты. «Кейбір зейнеткер мұғалімдер маман тапшы болған соң мектепте жүр. Ал біреулері маман болса да, тапжылмай сабақ беріп отыр», – дейді ол. Дана Раудың айтуынша, сол себепті жас маманның жалақысы төмен болып қалып жатыр. «Бұл тетіктерді де реттеп, шешу керек деп ойлаймын. Сол кезде жас мұғалім де, тәжірибелі мұғалім де тиісті жалақысын алып жатыр деп қуанатын боламыз», – деді Дана Рау.