«Қазақстан халқына» қоры ЖОО-ларда тегін білім алуға байқау жариялады
«Қазақстан халқына» қоры ЖОО-ларда тегін білім алуға байқау жариялады
Фотоколлаж Azattyq Rýhy
722
оқылды
«Қазақстан халқына» қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыру аясында гранттар мен шәкіртақылар беруге конкурс жариялайды. Бағдарлама 2022-2023 оқу жылында жүзеге асырылады.
"Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына 10-17 тамыз аралығында өтінім береді", – делінген хабарламада.
Маңызды: үміткер өтінімді өз бетінше береді және осы үдеріс үшін жауапкершілікті өз мойнына алады, бұл ретте ҰБТ-ға қойылатын талаптар жыл сайын өзгеруі мүмкін екенін ескергені жөн, сондықтан бұл ақпаратты қабылдаушы ЖЖОКБҰ-дан алдын ала нақтылауы қажет. Бағдарлама туралы толық ақпаратты «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының: https://qazaqstanhalqyna.kz/ru/programs.html  сайтынан табуға болады.