Атыраулық азамат 24 қойды қағып кетті
Атыраулық азамат 24 қойды қағып кетті
737
оқылды
Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды қағып кетті. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін, 25 шілдеде болған. Сағат 06.30 шамасында «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 400 шақырымындағы Жантерек елді мекенінің тұсында RAVON R4 жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен. Бақташы малды жолдың белгіленбеген жерінен өріске айдап өтпек болған. Соның салдарынан 1 млн 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.
«Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қой бағуға шыққан адамға құқық бұзушы ретінде  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», – делінген полиция хабарламасында.