Ұлттық университетке оқуға түсу талаптары белгілі болды
Ұлттық университетке оқуға түсу талаптары белгілі болды
2,701
оқылды
Биыл ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 103 мыңнан астам адам жинады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Биыл 154 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті. ҰБТ қорытындысы бойынша шекті балды 103 мыңнан астам адам жинады, бұл – қатысушылардың жалпы санының 67 пайызы. Былтырғы нәтижемен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7 пайызға жоғары. Биыл орташа балл 66-ны құрады», – делінген министрлік хабарламасында.
ҰБТ қорытындысы бойынша кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық жоғары оқу орындарына, ал кемінде 50 балл жинағандар басқа жоғары оқу орындарына түсе алады.
«Бұл ретте «Педагогикалық ғылымдар» және «Құқық» білім беру салалары бойынша шекті балл кемінде 75-ті, «Денсаулық сақтау»  кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария»  кемінде 60 балды құрайды», – деді министрлік өкілдері.
Гранттар тағайындау жөніндегі шешімді Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды. Конкурстық комиссияның отырысы 10 тамызға дейін өтеді.