Риддерде белгісіз ер адам тұрғындарға оқ жаудырған - видео
Риддерде белгісіз ер адам тұрғындарға оқ жаудырған - видео
Фото видеодағы кадрдан
999
оқылды
ШҚО-дағы Риддер қаласында бұрынғы полиция қызметкері адамдарға оқ атқан. Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді. Департамент мәліметіне сүйенсек, мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан. Қылмыскер екі азаматты жаралаған. Полицейлер терезе арқылы кіріп, ер адамды ұстап, бөлімшеге алып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, Гагарин көшесінде орналасқан үйдің 1-қабатындағы терезеден пневматикалық мылтықпен қаруланған орта жастағы белгісіз ер адам тұрғындарға оқ атқан. Әзірге мылтықтың нақты немен оқталғаны белгісіз.
«Бірден терезеге қарай жүгірдім. Терезе биік болды, сондықтан маған оқ атпас үшін соның астына тығылып отырдым. Оқ таусылғанда ол мылтықты жерге қойып, қайтадан оқтай бастады», - деді сол күні оқиғаға куәгер болған Богдан.
Кейінірек оқ атқан ер адамның бұрын полиция қызметкері болғаны анықталды.
«Екі жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта ол үйінде оқшауланған, ешкімге қауіп төндірмейді. Бүгінде Риддер тұрғыны полиция қатарында қызмет етпейді», - делінген хабарламада.