Алматы маңындағы Талғарда көшеде көкпар тартқан шабандоздарды жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желіде бір топ шабандоздың көшенің қақ ортасында көкпар тартқан видеосы тарады.
Бейберекет көкпар тұрғындардың өміріне қауіп төндірген.
Полицейлер көкпарды ұйымдастырушылар мен шабандоздарды анықтады. Оларды ӘҚБК-нің 434-бабы мен 593-бабы және 614-бабы бойынша әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес, жауапқа тартты.
https://youtu.be/nMF49CBC5BA
Сот көкпарды ұйымдастырушыға және оған қатысқандарды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алуға санкция берген.