Елордада көпбалалы аналар әкімдікке келген ер адамды соққыға жықты - видео
Елордада көпбалалы аналар әкімдікке келген ер адамды соққыға жықты - видео
779
оқылды
Әлеуметтік желіде әйелдердің әкімдікке келген ер адамды жабылып сабап жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, көпбалалы аналар баспана мәселесімен әкімдік ғимаратына барған.
«Әйелдер ғимараттың кіреберісін жауып, әкімдікке өз мәселесі бойынша келген ер адамға шабуыл жасады. Ер адам әкімдіктің немесе өзге мемлекеттік органның қызметкері емес, ол қаланың қарапайым тұрғыны», – деді әкімдіктегілер.
Полиция департаментінің айтуынша, оқиға кеше күндізгі сағат 11-12 шамасында болған. Жанжал шығарғандар бір-біріне шара қолдану туралы полицияға арыз түсірген. Аталған оқиға Сарыарқа аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама жүріп жатыр. Соның нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады. https://www.youtube.com/watch?v=dKpxkhirPcc&feature=emb_imp_woyt