Коронавирус қаупі: ШҚО-да сақтық шаралары басты назарда
Коронавирус қаупі: ШҚО-да сақтық шаралары басты назарда
© 24.kz
350
оқылды
Шығыс Қазақстанда көршілес Қытай елінде етек алған қауіпті дертке байланысты сақтық шаралары әлі де басты назарда, - деп хабарлады 24.kz. Өлкеде бүгінгі күнге дейін 5 мыңнан астам адам тексерілді. Олардың 3 жарым мыңы өткен айларда Қытай елінде болған қазақстандық азаматтар. Сондықтан барлығы медициналық ұйымдарда мамандардың жіті бақылауынан өтті. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта облыста короновирус белгілері бар адам тіркелген жоқ. Десек те, сақтық шараларын босаңсытуға болмайды. Аймақта қазір жұқпалы аурулар ауруханасында 1000 орын әзір тұр.Кіріп-шығу жолы оқшауланған 80-ге жуық бокс бар. Сонымен қатар 20-дан астам залалсыздандыру бригадасы жасақталды. Әуежайлар мен вокзалдарда ақпарат парақтары таратылып, жолаушыларға сақтық жолдары түсіндірілуде. "Жолаушыларға қызмет көрсету барысында барлық қорғаныш киімдерін қолданамыз. Сонымен қатар санитарлық карантин бөлімі мен оқшаулау залы толық дайын тұр. Керекті медициналық заттармен жабдықталған. Сондай-ақ халықаралық рейс жолаушыларын тексеру басты назарда", - деді Өскемен әуежайының атқарушы директоры Алена Студенкова.