26 полицей аттестациядан өте алмай, жұмысынан кетті
26 полицей аттестациядан өте алмай, жұмысынан кетті
Фото: Интернеттен алынды
5,520
оқылды
Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен аттестациядан өте алмаған 26 полицей жұмыстан босатылды, – деп жазады Tengrinews.kz. Дереккөздің жазуынша, одан бөлек тағы 109-ы қызметте төмендеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мерзімді аттестаттау кәсіптік даярлық деңгейін, құқықтық мәдениетті және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау мақсатында жүргізіледі. Қызметкердің кәсіби құзыреттілікке сәйкестігі және бәсекеге қабілет көрсеткішін бағалаудың негізгі өлшемі – аттестациямен тексеріледі. Жас мөлшеріне қарай қызметкерлер дене шынықтыру бойынша нормативтерді тапсырады: – 60, 100 метр қашықтыққа жүгіру және жылдамдыққа жүгіру; – 1000 метр қашықтыққа жүгіру; – Күш салудың кешенді жаттығулары және тартылу (ер адамдар үшін) Бұл ретте, «Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес, полиция қызметкерлерінің нормативтерінен өте алмаған жағдайда әңгімелесуге жіберілмейді, оларды қайта тапсыруға жібереді. Егер қайта аттестаттау кезінде қызметкер қажетті балл жинамаса, онда арнайы комиссия лауазымын төмендетуді немесе жұмыстан босатуды ұсынады. 2019 жыл ішінде 12 220 қызметкер жоспарлы аттестаттаудан өтті. Оның ішінде: 9887 – атқаратын лауазымына сәйкес келеді; 654 – атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне алынды; 1544 – қайта аттестаттауға жіберілді; 109 – лауазымы төмендетілді; 26 – жұмыстан шығарылды. Полиция қызметкерлері аттестациядан әрбір үш жыл сайын өтіп тұрады. Айта кету керек, егер жоспарлы аттестаттау уақыты келсе және қызметкер жаңа лауазымға тағайындалса, онда ол аттестацияға тағайындалғаннан кейін бір жылдан кейін ғана тапсыратын болады. Бұл қызметкер функционалдық міндеттерін өзгертуге әкеп соқпаған тең лауазымдарға тағайындалған жағдайларға қатысты емес. Айта кетейік, Президент Жарлығымен полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау 2019 жылы 1 қазанда басталды.