Қарағандыда шетелден әкелінген 35 көлік иесінен өтініш түскен
Қарағандыда шетелден әкелінген 35 көлік иесінен өтініш түскен
Фото: Интернеттен алынды
241
оқылды
Ресей, Армения, Қырғызстан және Белоруссиядан әкелінген автокөлік иелері уақытша тіркеуден өту үшін Қарағанды облысында барлық мамандандырылған ХҚКО ақпан айында демалыссыз жұмыс істейді. Қарағанды облысында барлығы сегіз арнайы ХҚКО бар. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалалары мен Абай, Жаңаарқа, Осакаровка және Қарқаралы аудандарында 1 ақпаннан 1 наурызға дейін демалыссыз жұмыс істейді. Жексенбі күндері мамандар шетелдік нөмірлері бар автокөлік иелеріне уақытша тіркеу жөнінде кеңес береді. Бұл күні басқа қызмет түрлері берілмеді. Бұл туралы облыстық ІІД мамандары өткізген брифингте хабарлады. Қарағандыда машиналарды уақытша тіркеуге қатысты кеңес алуға 30-дан астам адам өтініш білдірген. Мамандардың айтуынша көлік құралдарының иелері ресейлік нөмірлермен жүгінеді.
– Қазіргі танда кедендік одақ  елдерінен әкелінген 35 көлік иесі өтініш білдірді. Оларға көлікті Қазақстан Республикасында уақытша тіркеуге алу мен тіркеу жөнінде түсіндірме жұмыстары  жүргізілді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады, –деді Қарағанды облыстық ӘПБ басшысының орынбасары Бағдат Кәкімов.
Осы жылдың ақпан айынан бастап ЕАЭО елдерінен бір жыл бұрын әкелінген барлық автокөліктерді тіркеу қажет. Бұл ретте оларға аймақ нөмірінің орнына 18 саны бар сары нөмір белгісі беріледі. Мұндай тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жарамды. Егер осы мерзім аяқталғаннан кейін көлік иесі темір тұлпарын Қазақстанда тұрақты негізде тіркегісі келемсе, ол оны елден алып кетуі немесе бөлшектеп сатуы керек. Тіркеу үшін жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмір белгілерін, тіркеу туралы куәлікті, меншік құқығын растайтын құжаттарды, сондай-ақ бастапқы тіркеуге ақы төлеу, мемлекеттік нөмірді дайындағаны үшін баж және техпаспортты дайындағаны үшін баж төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет. Автокөлік иелері 8-775-617-96-18, 8(7212) 55-87-06 нөмірлері бойынша жедел желіге хабарласып, ақпарат ала алады. Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттер санатында. Сондықтан ол жақтан әкелінген көліктер арнайы уақытша тіркеуге алынуы тиіс. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, былтыр шет мемлекеттердің тіркеу нөмірлерімен 42 мың құқықбұзушылық анықталса, ал жыл басынан оның саны 50 мыңға жеткен. Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы