Он бес жыл мүгедектер арбасына таңылған азамат жүргізуші куәлігін алды
Он бес жыл мүгедектер арбасына таңылған азамат жүргізуші куәлігін алды
275
оқылды
Тағдырына мойымайтын жандар алдындағы кедергілерді жарып өтіп, мақсатына жетуде он екі мүшес сау адамдарды таңғалдыруда. Солардың бірі атыраулық Кеңгес Қониев автокөлік жүргізуші куәлігін алып қуантты. Тағдыр талайы сынақ берген бірінші топтағы мүгедек Кеңгес Қониевтің мүгедектерға арналған арбаға таңылғанына он бес жыл болыпты. Апталдай азамат құрылыс жүріп жатқан алаңда құлаған оқиғадан соң екі аяғынан жан кетіп, амалсыз мүгедектер арбасына танылған. Соған қарамастан үстел теннисін меңгеріп,облысқа танымал жігерлі азаматтын бірі болып танылған. Алайда оның аңсаған арманы темір тұлпарды тізгіндеу болатын. Кеңгестің мүгедектер арбасын автокөлік орындығына алмастырсам деген арманы жуырда орындалды. Оның үшінші мәрте сынақ тапсыруы сәтті болып, Кеңгес автокөлік жүргізу құқығына ие болды. – Көлік басқаратын тетіктердің барлығы қолмен басқарылатындықтан еш қиындығы жоқ. Сол үшін арнайы орынға келіп, жүргізушілік куәлік алып отырмын. Көлік адамға шаруасын реттеуге аса қажетті, – дейді қиындыққа мойымаған Кеңгес Қониев. Ал мамандандырылған орталық қызметкерлері Кеңгестің талабын құп көрген. Алғашқыда сенбегенімен, Кеңгестің мақсатына жетудегі қажырлығы оларды тәнті еткен.    width= «Азаматтарға арналған үкімет» МК облыстық филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек Бақтығалиұлының айтуынша,  Кеңгес жүргізушілік куәлігін алуға тапсырған практикалық сынақтан алғашқы берілген мүмкіндікте-ақ жақсы нәтиже көрсеткен. Ал, теориялық тұрғыдан үшінші мәрте сынақ тапсыруы сәтті болды.  Ол 40 сұрақтың 33-іне жауап беру арқылы емтиханнан өтіп отыр. Елімізде мүгедектер  арбасында отырған жандардың да  темір тұлпарды тізгіндеуді армандайтыны сөзсіз. Олар да қоғамның белді мүшесі болып,отбасына ауыртпашылық салғысы келмейді. Алайда  кедергі болып тұрғаны, оларды оқытатын арнайы жабдықталған автокөлік жоқ. Сайып келгенде бұл мәселе мүгедектер қоғамын, автомектептер басшылықтары назарға алатын мәселе болып отыр. Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ, Атырау облысы