Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жұмыс сапарымен барады
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жұмыс сапарымен барады
Фото: Интернеттен алынды
235
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады, – деп ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Ол: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-16 ақпан аралығында Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясына қатысу үшін Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен барады. Сапар бағдарламасы бойынша Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясының панельдік пікірталасына қатысады және бірнеше мемлекеттің басшыларымен, халықаралық ұйымдардың, Германияның ірі компанияларының жетекшілерімен, сондай-ақ, академиялық топтардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған», – деп жазды. Аталған іс-шараға 40-қа жуық мемлекеттің басшылары, 100-ден астам сыртқы істер және қорғаныс министрлері, халықаралық қатынастар саласындағы беделді сарапшылар қатысады. Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясы – ең ірі жаһандық бейресми форумдардың бірі. Конференцияда қазіргі заманның көкейтесті сын-қатерлері мен қауіптері талқыланады. Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысатындығын бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.