Ақтөбе облысында коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелген жоқ
Ақтөбе облысында коронавирустық инфекция оқиғасы тіркелген жоқ
Фото: Интернеттен алынды
240
оқылды
Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ҚХР-нан және басқа мемлекеттерден келген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізуде. Ақтөбе қаласының халықаралық әуежайы мен теміржол вокзалында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілді. Мәртөк ауданының «Жайсаң» және Қарғалы ауданының «Әлімбет» шекара маңындағы автомобиль өткізу пункттерінде уақытша санитарлық-карантиндік пункттер ұйымдастырылды. Бүгінгі күні температураны байланыссыз өлшеумен 200-ден астам адам қамтылған. Қызуы жоғары және өзін нашар сезінген шағымдары бар адамдар анықталған жоқ. Облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдайға толыққанды мониторинг жүргізуді және арнайы қызметтердің уақтылы әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде жауапты мамандардың тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Облыстың медициналық мекемелерінде және қаланың халықаралық әуежайында оқу-жаттығу сабақтары өткізілді. Емдеу-алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлеріне арналған КВИ диагностикасы бойынша семинар сабақтары өткізілді. «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ базасында кәсіпорын қызметкерлері үшін КВИ алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізілді. Жалпы, 54 дәріс, 7 радиодәріс оқылып, 980 әңгімелесу өткізіліп,16240 үнпарақ таратылды. Барлық профилактикалық іс-шаралар Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның жаңа түрін әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша қосымша шаралар туралы» қаулысына сәйкес және арнайы құрылған өңірлік комиссияның басшылығымен жүргізіледі. Нұрсұлу Беркімбаева, Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы