Масанчи ауылында қираған үйінділер астынан адамның мәйіті табылды
Масанчи ауылында қираған үйінділер астынан адамның мәйіті табылды
© сурет интернеттен алынды
254
оқылды
Қордай ауданы Масанчи ауылындағы сауда орталығы ғимаратын тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Қанат Құлшыманов Facebook-тегі парақшасында жазды. "11 ақпан күні сағат 12:07-де Жамбыл облысы Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданының Масанчи ауылындағы сауда орталығы ғимаратын (өрттен кейін шатыр құлаған) тазарту кезінде қираған үйінділердің астынан адамның күйген денесі табылғаны туралы хабар түсті",- деп жазды ол. Оның айтуынша, қазір мәйіттің жеке басын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.