БҚО-да зымыран бөлшегі құлады
БҚО-да зымыран бөлшегі құлады
Сурет "Мой Город" порталынан
593
оқылды
Зымыран бөлшегі Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда ауданындағы "Молодость" жаяу өтпесіне жақын жерде, мемлекеттік шекарадан үш шақырым жерде құлады. Болжам бойынша бұл жанармай багы, – деп хабарлайды "Мой город".  Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов бұл ақпаратты растады. "Шамамен, бұл жанармай багын 30 қаңтарда шекарашылар тапқан. Ресей оқу-жаттығу өткізіп, зымыранның фрагменті жерден ұшып келді деп болжаймыз.  Сол жерде жедел әрекет тобы жұмыс істеп жатыр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Нұрлан Рахымжанов. Сондай-ақ ол нақты ақпарат мамандар жұмысын аяқтаған соң болатынын атап өтті. Басылым бұл Батыс Қазақстанның аумағында ресейлік зымырандардың бөлшегі құлауы бірінші рет болып тұрмағанын айтады. 2014 жылдың 27 наурызына қараған түні Бөкей ордасы ауданы Шұңғай ауылының шетінде де зымыран сынығы құлап, кейін мамандар оның метеорологиялық зымыранға тиесілі екенін мойындаған болатын.