Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға берілетін сыйақы мөлшері белгілі болды
© Сурет : ANTIKOR News
345
оқылды
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлама жасаған азаматтарға берілетін сыйақының сараланған жүйесі тақырыбына арналған баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды zakon.kz. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 32 қаулысымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған тұлғаларды көтермелеу қағидаларына түзетулер қабылданды. Баспасөз конференцияда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жүйесі туралы айтып өтті.
"Параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК – тен (2 651 000 теңге) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша-сыйақы сомасы қылмыстың санатына 30 АЕК-ке –тен 100 АЕК-ке дейін (79 530-дан 265 100 теңге) құрайды. Егер параның немесе келтірілген залалдың сомасы не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны 1 000 АЕК-тен асса (2 651 000 теңге) – сыйақы сомасы көрсетілген соманың 10% - ын құрайды, бірақ сыйақының сомасы 4 000 АЕК-тен (10 604 000 теңге) аспауы тиіс", – деді спикер.