Жемқорлыққа жиі жол беретін әкімдіктер белгілі болды
Жемқорлыққа жиі жол беретін әкімдіктер белгілі болды
© Тұрар Қазанғапов
251
оқылды
Қазақстанның сыбайлас жемқорлық жайлаған әкімдіктері белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Әкімдік қызметкерлері және құрылымдық бөлімдер арасында сыбайлас-жемқорлық жайлаған аймақтар: Оңтүстік Қазақстан облысында - 37, Шығыс Қазақстан облысында-37, Жамбыл облысында - 30, Ақмола облысында - 19, Алматы және Қостанай облысында - 15, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында - 14-тен", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу департаментінің басшысы Анар Жарова Нұр-Сұлтандағы брифингте.
Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органдарда көбінесе сыбайлас жемқорлық қылмыстары білім беру саласында - 54, жер қатынастары саласында - 29, ауыл шаруашылығы саласында - 27, сәулет және құрылыс саласында - 25, ТКШ саласында - 19 жұмыс істейді екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері барлық әкімдіктерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.