Оқушылар өлімі: ТЖД мәлімдеме жасады
Оқушылар өлімі: ТЖД мәлімдеме жасады
© inform.kz
272
оқылды
Алматыда ТЖД мұз астына түсіп кеткен балалардың өлімінен соң мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ауа температурасының көтерілуіне байланысты ақпанның басында Алматы территориясындағы барлық су қоймаларындағы мұз жабындысы жұқарып тұр. Көбінесе осындай сәтте су үстінде ойнаған балаларға қауіп төнеді. Бүгін Алатау ауданында Теректі ауылы маңында жасанды кәріз коллекторының жанынан 3 мектеп сөмкесі табылды. Оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖК Республикалық құтқару жасағының 7 мүшесі жіберілді. Балалардың мүрдесі судан алып шығарылды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен. Қазір аталған оқиғаға байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсыруымен жұмыс тобы құрылды. Осыған байланысты ТЖД қала тұрғындарына су қоймаларының маңайына баруға тыйым салды.