Назарбаев қорғаныс министрі мен Ресейдегі елшіні қабылдады
Назарбаев қорғаныс министрі мен Ресейдегі елшіні қабылдады
© Сурет ғаламтордан
327
оқылды
Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, сондай-ақ Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевпен кездесті, деп хабарлады Елбасының ресми сайты. Қорғаныс министрімен әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. "Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты", - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті. Ал Көшербаевпен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, Ермек Көшербаев Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шыққаннан кейін, 29 қаңтар күні Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған еді.