Қазақстандықтар арасында доллар мен рубльге деген сұраныс былтырғы маусыммен салыстырғанда үш еседен аса төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
ҰБ мәліметінше, маусымда теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 425,41 – 470,24 теңге аралығында өзгерген. Бұл ретте маусымда халық нетто-негізде 91,5 миллиард теңгеге баламалы сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған.
"Алдыңғы аймен салыстырғанда бұл шығыстар 2,7 есе төмендеді (2022 жылғы мамырда – 249,7 миллиард теңге), 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда (237,0 млрд теңге) нетто-сатып алу көлемі 2,6 есе төмендеді" делінген хабарламада.