Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиялары түріндегі бюджеттік ақша қаражатын жымқырған қылмыскерлерге қатысты сот үкімі шықты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, кінәлілерге алты жыл мерзімге коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. Сондай-ақ оларға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Кінәлілерге жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.