Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды
Ақтөбеде жол-көлік апатынан 6 адам көз жұмды
820
оқылды
Ақтөбеде жол-көлік апаты болып, 6 адам көз жұмды. Оқиға 30 шілде күні сағат 23.30-да Самара-Шымкент тасжолында болды. Бұл - Ырғыз ауданы Қалыбай ауылының маңы. «Хонда-Фит» маркалы автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі жолда қарсы бетке шыққан. Рульде Қырғыз Республикасының азаматы болды. Салдарынан Ырғыз ауданының 33 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.  width=
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Лада-Ларгус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар, «Хонда-Фит» автокөлігінің жолаушысы мерт болды. Сондай-ақ «Хонда-Фит» автокөлігінің жүргізушісі 30 жастағы жолаушымен бірге түрлі жарақатпен Ырғыз аудандық ауруханасына жатқызылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Қазіргі кезде ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.  width=  width=