Куруглиев қарсылас шыдатпады
Куруглиев қарсылас шыдатпады
371
оқылды
Қазақстандық Камил Куруглиев Рим қаласында өткен еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды. Балуан ақтық сында Мұса Ашрункаевпен белдесіп, қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті. Ол жартылай финалда АҚШ балуаны Максвелл Райан Макенеллиді 12:2 есебімен жеңген болатын. Сондай-ақ ел құрамасынан Дарын Әскербек чемпион атағын иеленді. Ол финалда америкалық Джексен Патрик Форрестті тізе бүктірді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дарын Әскербек 55 келі салмақта ел намысын қорғады. Балуан Хусанбой Усмоновты (Xзбекстан), Арена Серобянды (Армения) жеңіп, жартылай финалда неміс Яннис Ребгольцпен шықты. Айта кетейік, Қазақстан еркін күрестен соңғы алтынын 2013 жылы алған болатын.

Асыл Тұмар