Түркі дүниесінен ұлағат
Түркі дүниесінен ұлағат
335
оқылды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті. Кездесуде Мемлекеттік кеңесші түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың маңызын айтып, еліміздің білім, ғылым саласындағы басым бағыттарды атап өтті. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ұлттық ғылым академиясында және Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөздерінде айтылған руханият, мәдениет, білім, ғылым салалары бойынша бастамаларының мәні мен маңызына тоқталды. Дархан Қыдырәлі Түркі академиясының білім, ғылым бағытында атқарған жұмысы жөнінде, оның ішінде халықаралық ұйым шеңберінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында өткен іс-шаралар туралы баяндады. Бұдан бөлек, пандемиядан кейін жалғасқан Моңғолиядағы археологиялық қазба жұмыстары мен экспедициялардың барысын жеткізді. Биыл түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады. Осыған орай академия президенті бауырлас елдердің ықпалдастығын арттыруға қатысты ойымен бөлісіп, айтулы датаны атап өту жөніндегі ұсынысын айтты.