Тоқаев Путинді Көкшетауға шақырды
Тоқаев Путинді Көкшетауға шақырды
© Сурет ғаламтордан
366
оқылды
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинді күзде Көкшетауда өтетін және экологиялық тақырыпқа арналған XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Ақорда сайты. Бұл туралы Президент Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен Нұр-сұлтан кездесуінде мәлімдеді.  Тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының басым салаларын, соның ішінде Жайық трансшекаралық өзенінің су ресурстарын пайдалану мен экология мәселелерін талқылады. Қазақстан Президенті екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мақсатында екі ел үкіметтерінің әрекетін тығыз үйлестірудің өзектілігін атап өтті. [caption id="attachment_2110" align="alignnone" width="300"] width= Сурет akorda.kz[/caption] "Мемлекет басшысы Қазақстанда Ресей президенті Владимир Путиннің күзде Көкшетауда өтетін экологиялық тақырыпқа арналған XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуын күтетінін хабарлады", - делінген келіссөздер қорытындысы бойынша хабарламада. Бұған дейін хабарланғандай, Тоқаев Путиннің Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын 9 мамырда Мәскеуде атап өтуге шақыруын қабылдады.