Майнерлерге мөлшер белгіленді
Майнерлерге мөлшер белгіленді
638
оқылды
Қазақстанда цифрлық майнинг үшін жаңа дифференциал төлем мөлшерлемесі белгіленді. 2023 жылдан бастап майнерлер қанша төлейтіні туралы қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Келер жылы 1 қаңтардан бастап төлем мөлшерінің прогрессив шкаласы қолданылады. Мөлшерлеме тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты болмақ. Биыл 11 шілдеде Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы мөлшерлемесі өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылған болатын.
«Салық кодексінің 606-3-бабына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының мөлшерлемесі жоғары, яғни 25 теңге шегінде болғанда. Егер керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, 1 теңге көлемінде», – делінген хабарламада.
Одан бөлек, өзінің меншігіндегі электр станцияларында жаңартылатын электр энергиясы көздерінен өндірілген энергияны пайдаланған кезде тұтынылған электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерлемесі есептеледі. Меншікті электр энергиясын пайдаланған кезде 1 киловатт-сағаты үшін 10 теңге мөлшерлеме бойынша есептеледі.