Жер бос жатпайды
Жер бос жатпайды
7,419
оқылды
Пайдаланылмайтын және заңсыз берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін шешу үшін AMANAT партиясының жанынан «Жер аманаты» республикалық комиссиясы құ­рылған болатын. Комиссияның құ­рамында қоғам белсенділері, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, журналистер және Бас прокуратураның өкілі бар. Комиссия бекітілген кестеге сәйкес, өңірлерге шығып, азаматтық белсенді топтармен және елді мекен тұрғындарымен кездесу өткізіп келеді. Кездесу барысында ауылдық елді мекендерді жайылым жерлермен қамтамасыз ету, пайдаланылмайтын жерлерді қайтару, заңсыз берілген жерлерді анықтау және қайтару, шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін беру сияқты өзекті мәселелер талқыланады. Комиссияның облыс әкімдіктері және Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жүргізген пәрменді шаралардың нәтижесінде биыл 267 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Айта кету керек, Мемлекет басшысы биыл 5 млн гектар пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген болатын. Комиссия аталған бағыттағы жұмысты тұрақты түрде жүргізіп отырады.  

Мұрат ТЕМІРЖАНОВ,

Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы,

комиссия төрағасының орынбасары