Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары медициналық туризмді дамытуға жол ашты – Абай Байгенжин
Мемлекет басшысының Сауд Арабиясына сапары медициналық туризмді дамытуға жол ашты – Абай Байгенжин
Фото: akorda.kz
396
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары аясында медициналық туризмді дамытуға да ерекше назар аударды. Екі елдің инвестиция, экономика, сауда және қаржы салаларындағы ықпалдастығын нығайтуды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Саудпен өткізген кездесуінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөнінде маңызды уағдаластыққа қол жеткізді. Оның ішінде туризм саласында да ықпалдастық орнатуға зор мүмкіндіктер ашылады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Сауд кәсіпкерлеріне Қазақстанның туристік-рекреациялық жобаларын қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда инвесторлар үшін заманауи институционалдық орта қалыптасқанын еске салды.
– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Сауд Арабиясымен арадағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге бейілді екенін айтқым келеді. Бүгін осында бүкіл әлемде айтарлықтай табыстарға қол жеткізген Сауд Арабиясының ірі компания басшылары қатысып отыр. Мен бәріңізді өзара тиімді негізде Қазақстанда бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ осы сапар аясында Қазақстанның Энергетика министрлігі мен ACWA Power компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойды.    width= ACWA Power компаниясы Алматы мен Шығыс Қазақстан облысында гидро, күн және жел электр стансаларын салуға ниет танытып отыр. Инвестиция құны 1 миллиард доллардан асады. Бұл Қазақстанның энергетикасын дамытуға серпін береді. [caption id="attachment_211068" align="alignnone" width="1600"] width= Фото: primeminister.kz[/caption]
Қазақстанның Энергетика министрі Болат Ақшолақов: «Бізде электр стансалары көмірмен жұмыс істейді. Болашақта стансаларда көмірді пайдалану үлесі азаяды. Жаңа қуат көздерін пайдалану экологиялық тұрғыдан да тиімді. Сондай-ақ Қазақстандағы стансалар ескірген», – деді.
Сондай-ақ медициналық туризмді дамыту мәселесі де қос тарап үшін өте өзекті. Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың басқарма төрағасы Абай Байгенжиннің айтуынша, соңғы жылдары науқастарды емдеудің тәсілі көп болғанымен, диагнозды ерте анықтап, сауықтыру өте маңызды.   [caption id="attachment_211067" align="alignnone" width="1800"]Абай Байгенжин Фото: exk.kz[/caption]
«Медицина саласында жаңа технологиямен емдеу әдістері қолданысқа енгізіліп жатыр. Сауд Арабиясында қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеуде қолданылатын жаңа әдіспен алмасамыз. Екіншісі қатерлі ісікті емдеу мәселесінде де медицинада қолданылатын соңғы үлгідегі стандарттардың жайын талқыладық. Тың әдіс, жаңа бастаманы қолданып, нәтижеге қол жеткіземіз», – деді Абай Байгенжин.
Дөңгелек үстел басында Сауд Арабиясының Инвестиция министрі Халид Әл-Фалих, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, ҰБХ «Бәйтерек» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев, SABIC компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Халид Хашим әл-Даббаг, MA'ADEN компаниясының бас директоры Роберт Уилт, ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайян болашақта атқарылатын жобаларды талқылады.