Бұған дейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздегі бірінші атом электр стансасын салу үшін Алматы облысындағы Үлкен елді мекені таңдап алынғанын айтқан болатын.«Бірінші станса құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда «Қазақстанда қанша атом электр стансасы болады?» деген екінші сұрақ туындайды. Бұл сұраққа да қатысты талқылау жүргізіліп жатыр. Қазақстандағы екінші атом электр стансасы Ертіс бойында, Курчатов қаласы ауданында пайда болуы әбден мүмкін. Егер Қазақстан көміртегі бейтараптығы жолын таңдайтын болса, онда бірнеше атом электр стансасын салғаннан басқа шығар жолы жоқ. Демек, Ертіс сөзсіз келешегі бар алаң», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.