Алматыда полицей әйелді қағып кетті, – деп жазады Tengrinews.kz. Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Жансүгіров көшесінде 3 тамыз күні сағат 23.25-те болған.
«Хюндай» маркалы қызметтік көлік жүргізушісі, патрульдік полиция полкінің қызметкері, 1993 жылы туған азамат Т. Жансүгіров көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Ақпаев көшесі қиылысында 49 жастағы әйелді қағып кеткен. Өкінішке қарай, әйел оқиға орнында қаза болды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды», – деді департамент өкілі.Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бұған дейін Ақтауда полицейді өлтіріп кеткенін жазған болатынбыз.