Бала екі күн бұрын Жайық өзеніне батып кеткен, деп хабарлайды «Мой город» порталы.
Қайғылы оқиға 2 тамыз күні сағат 16:00 шамасында Теректі ауданы, Ақжайық ауылында болды. Сол қайғылы күні екі адам – 35 жастағы ер адам мен оның жеті жасар жиені өзенге батып кеткен. Сол күні ересек адамның денесі табылған болатын.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 4 тамыз күні сағат 13:52-де құтқарушылар судан батып кеткен баланың денесін тауып, шығарғанын хабарлады.