Өскеменде екі мұғалім кәмелетке толмаған қызбен мектепте жыныстық қатынасқа түспек болған – Алагөзова
Өскеменде екі мұғалім кәмелетке толмаған қызбен мектепте жыныстық қатынасқа түспек болған – Алагөзова
Фото: sputnik.kz
5,147
оқылды
Өскемен қаласында мектептің екі мұғалімі мен күзетшіні жауапқа тартты. Кәмелет жасына толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болған екі мұғалім жұмыстан қуылды, – деп жазады inform.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Өскемендегі №30 мектепте екі ер адамның кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түспек болып жатқан видеосы жария болды.  Екі мұғалім де сол білім ордасында жұмыс істейтіні белгілі болды. Екеуі де ішімдік ішкен. Жасөспірім қыздың кім екені әзірге белгісіз.
«Екі мұғалім мен мектеп күзетшісі қызметінен босатылды. Бейнебақылау камерасының жазбасынан зорлық-зомбылық фактілері байқалмаған. Енді қала мектептеріндегі бақылауды күшейтеміз», – деді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, олар жыныстық қатынасқа түсіп үлгермеген. Заңға сәйкес, ер адамдарды ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартты.