Елімізде жаңа кредит алатындар саны көбейді, – деп жазады inform.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, биыл маусымда экономикадағы кредит 2,7 пайызға ұлғайып, 20,1 триллион теңгеге жетті.
Ал жеке тұлғаларға несие 2,9 пайызға, яғни 11,97 трлн теңгеге дейін артты. Заңды тұлғаларға несие 2,4 пайызға, 8,08 трлн теңгеге дейін өсті.
Маусымда ұлттық валютадағы кредит көлемі 1,9 пайызға, 18,25 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы несие сомасы 11,8 пайызға, 1,8 трлн теңгеге дейін артты.
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша теңгемен берілген несиенің үлесі – 91 пайыз.
2022 жылғы маусымда 2,03 трлн теңгеге жаңа кредит берілді, бұл 2022 жылғы мамырға қарағанда 10,9 пайызға артық.
Маусымның нәтижесі бойынша банктер несиенің өнеркәсіпке – 10%, сауда – 26%, құрылыс – 4%, көлік алуға 5% тиесілі.