Вагонның үстіндегі сәтсіз сапар
Вагонның үстіндегі сәтсіз сапар
381
оқылды
Алматыда ер адам діттеген жеріне жету үшін вагонны үстіне мініп алған. «Алматы-1» бекетіндегі кезекші бөлімшеге 24 шілде сағат 22:45 шамасында «Алматы-Орал» пойызының шұғыл тоқтатылғаны туралы хабарлама түскен. Пойыз машинисі вагонның төбесіне ер адам мініп алғанын жеткізген. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, пойыз тоқтаған соң құқық бұзушы акт бойынша вагонның төбесінен түсірілген. Тексеру барысында оның Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жауап алу барысында ер адам билет алуға ақшасы болмай, пойыздың төбесімен үйіне жетуді ұйғарыпты. Құқық бұзған азаматқа қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сай, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Асыл Тұмар