Жол жөнделді
Жол жөнделді
412
оқылды
«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауына Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Тұрғысын ауылының тұрғындары ауыл жолын жөндеу мәселесімен жүгінген болатын. Араға бірнеше ай салып мәселе оң шешімін тапты.
– Біз аудан әкімінің міндетін атқарушы С. Охременкоға ауылымыздағы негізгі көшелердің бірі болып саналатын Тұрғысын көшесіне орташа жөндеу жүргізу қажеттігін айтып өтініш білдірдік. Көп уақыт өтпей мәселе шешіліп, көшенің жолы жөнделді, – дейді ауыл тұрғыны Надежда Сидорова.
Партияның қоғамдық қабылдауына жол мәселесінен басқа да сұрақтармен көптеген азамат жүгінеді. Партия тарапынан азаматтар мәселесінің шешілуіне барлық мүмкіндіктер жасалады. Жөндеу жүргізілген көшеде көбіне қарттар тұрады. Бүгінде жұмыстар ауданның жергілікті бюджет қаражаты есебінен аяқталды. Біз азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдап, оның барынша жылдам шешілуіне атсалысамыз, – дейді аудан әкімінің орын басары Медет Сахариев.