Щучинск қаласында 200-ден астам адам жатақханадан қауіпсіз жерге көшірілді
Щучинск қаласында 200-ден астам адам жатақханадан қауіпсіз жерге көшірілді
© Сурет ғаламтордан
356
оқылды
Оқиға 1 ақпанда таңғы сағат 07.00 шамасында болған. Қала жатақханаларының бірінің күзетшісі таңертеңгілік тексеру кезінде ғимараттың үшінші қабатындағы сол қанатында түтіндеп жатқанын байқаған, – деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ол тұрғындарды көмекке шақыра бастайды. Бақытына орай осы күні жатақханада Бурабай ауданында қызметтік іссапарда болған заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке взвод қызметкерлері орналасқан. Күрделі жағдайды бірден бағалап, өрттің таралу немесе күйдіргіш түтінмен улану қаупін сезіне отырып, тәртіп сақшылары жатақхана студенттері мен қызметкерлерін дереу эвакуациялауды бастады. Полицейлер құтқару операциясын жоғарғы қабаттардан бастап, бірнеше минут ішінде 207 адамды сыртқа шығарды. Полиция қызметкерлерінің батыл және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында қаза болғандар мен жарақат алғандар болған жоқ. Келген өрт сөндіру есебі қызыл жалынды жойды.  Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталуда. Өз кезегінде жатақхана тұрғындары көші-қон қызметі қызметкерлеріне төтенше жағдайда көрсеткен кәсібилігі мен жеделдігі үшін зор ризашылықтарын білдірді.