Кешіккен әуе рейсіне айыппұл артады
Кешіккен әуе рейсіне айыппұл артады
431
оқылды
Азаматтық авиация комитеті елімізде әуе рейстерінің кешігу фактілеріне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Тергеу басталғаннан бері «Эйр Астана» әуе компаниясы тобына қатысты «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекске сай рейстердің кешігуіне байланысты жолаушылар құқығының бұзылуына орай әрқайсысы мың айлық есептік көрсеткіш болатын 4 хаттама жасалды. Комитет қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатқанын, әуе рейстерінің кешігуіне қатысты жаңа фактілер анықталған жағдайда тасымалдаушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Комитет рейстер кешіккен жағдайда әуе компанияларының жауапкершілігін күшейту мақсатында қолданыстағы заңнамаға тиісті түзетулер қаралып жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, бұл жұмыс аясында рейс кешіккен жағдайда жолаушыларға төленетін айыппұл мөлшерін арттыруы мүмкін.