ММА файтері жазасын қатал тәртіптегі түзеу мекемесінде өтемек
ММА файтері жазасын қатал тәртіптегі түзеу мекемесінде өтемек
708
оқылды
Аралас жекпе-жектегі танымал файтерлердің бірі Чоршанбе Чоршанбиев Тәжікстанның ең қатал тәртіптегі түзеу мекемелерінің біріне ауыстырылды, – деп хабарлайды MMA Russia. Чоршанбиев ғаламтор арқылы ел конституциясына күшпен өзгеріс енгізуге халықты үгіттегені үшін сегіз жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Жазасын ары қарай өтеу үшін ол қатал тәртіптегі ходжандық түзеу мекемесіне ауыстырылды. 2018 жылы қарашада жазасын өтеушілер арасында дүмпу болып, нәтижесінде 25 адам қаза тапқан. Олардың ішінде екі түрме қызметкері бар. Қоса кетейік, файтер ММА-де он кездесу өткізіп, оның алтауында жеңіске жеткен. Алайда памирлік спортшы өз атын аудиториясы басқа поп-ММА арқылы шығарған еді.