"Google салығы" - 3 миллиард теңге
"Google салығы" - 3 миллиард теңге
489
оқылды
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлауынша, жыл басынан бері еліміздегі шетелдік компаниялар «Google салығы» бойынша Қазақстан бюджетіне 3 миллиард теңге төлеген. Бұл салық биылдан бастап енгізілген. Интернет желісінде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар және жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары қосымша құн салығын, яки ауызекі тілде «Google салығы» аталып кеткен алымды төлеуге міндеттелген болатын.
«Салықты тұрақты төлемейтіндерге қатысты мынадай шаралар қолданылады: салықтан жалтарған шетелдік интернет-компаниялар атауын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, бұл туралы шетелдік салық басқармасына хат жолдабақ. Мұндай әрекеттер одан әрі жалғасса, компания ресурстарына қол жеткізу шектелуі немесе толығымен тыйым салынуы мүмкін» делінген хабарламада.
Мұндай салық түрі әлемдік тәжірибеде жаңалық емес. Мәселен, Франция 2017 жылдан, Ұлыбритания 2020 жылдан, Италия 2021 жылдан, Түркия 2020 жылдан бері қолданып келеді. Ал ТМД бойынша Ресейде 2017, Беларусьте 2018, Өзбекстанда 2021 жылдан бастап бар.