– «AMANAT» партиясының мүшесімін. Партия мүшелері мен жастардың қолдауы өте қуантады. Жақсы нәтижемен оралдық деп ойлаймын. Келесі Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 2024 жылы Будапештте өтеді. Сол додада шахматшыларымыз олимпиада алтынына таласады деп үміттенемін, – деді Гүлісхан Нахбаева.«Жастар Рухы» жастар қанатының алматылық көшбасшысы Әкежан Кеңесов шахматшылармен кездесуден алған әсерін жеткізді.
– Біз шахматшыларымызға жанкүйер болып, ойын барысын бақылап отырдық. Бүгін кешке олардың елге оралатынын білген соң, чемпиондарымызды қарсы алып, құттықтауды жөн көрдік. «Жастар Рухы» жастарымен бірге барлығын тез арада ұйымдастыра алдық. Өзге адамдар кімді қарсы алғалы тұрғанымызды сұрағанда, бойымызды мақтаныш сезімі кернеп, шахмат чемпиондарын күтіп тұрғанымызды жеткіздік. Кейбір адамдар бізбен бірге құттықтау рәсіміне қатысты, – деді ол.Өз кезегінде, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік ыстық ықыласпен қарсы алған белсенділерге алғыс білдірді. Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық шахматшылар турнирді бесінші орында аяқтап, Дүниежүзілік шахмат олимпиадасындағы үздік нәтижелерін жаңартты.
Кербез ЕСІМХАН