Спидкубинг шеберлері елордада
Спидкубинг шеберлері елордада
388
оқылды
Биыл спидкубингтен Азия чемпионатын өткізу құрметі Орталық Азия елдері арасында алғаш Қазақстанға бұйырды. Аталған спорт түрінен Азия чемпионаты 2 жылда бір өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионат аясында рубик текшесін (кубик рубик) құрастырушы шеберлер әлемге танымал жерлестеріміз әнші Димаш Құдайберген мен боксшы Геннадий Головкиннің кескінін құрастырып шығады.
– Нұр-Сұлтан қаласында өтетін спидкубинг чемпионаты 4 күнге созылады. Жарыста Азияның үздіктерін анықтайтын боламыз. Жеңімпаздар жарыс соңында белгілі болады. Үміткерлер 17 тәртіп бойынша сайысқа түседі. Сынақ классикалық түрден бастау алып, кезең сайын қиындай түседі, – деді Қазақстан Спидкубинг федерациясының президенті Арман Мәшімов.
Сондай-ақ, қауымдастық басшысы елімізде спидкубингті интеллектуалды спорттық бағыт ретінде дамыту керектігін айтты. Чемпионатқа 13 елден 18-20 жас аралығындағы 116 спортшы қатысып жатыр.

Кербез ЕСІМХАН