Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тәжвирусынан қорғайтын 3 дәріні атады
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тәжвирусынан қорғайтын 3 дәріні атады
© Сурет ғаламтордан
433
оқылды
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі тәжвирусынан қорғайтын, терапия ретінде қолдануға болатын 3 дәріні атады деп жазады, Euronews.com сайты.  Дәрігерлерге арналған уақытша нұсқаулықта қалай әрекет ету, қандай әдіспен емдеу және қандай дәрілерді қолдану көрсетілген. Нұсқаулықта сондай-ақ тәжвирусына қарсы қолдануға тиімді делінген 3 дәрінің аты жазылған: Рибавирин, Лопинавир/Ритонавир және Рекомбинантты интерферон бета-1b. Нұсқаулықта дәрілерді қолдану дозасы да көрсетілген. Аталмыш дәрілерді қолдану тек қана дәрігердің рұқсатымен іске асуға тиіс. Рибавирин дәрісін 2002 жылы SARS вирусы тарағанда кеңінен қолданғаны белгілі.