Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,09 теңгеге төмендеп, 1 доллар 476, 18 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 476, 01 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 480 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.
Ресей рублі 7,35- 7,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.