Бейнеттің зейнеті
Бейнеттің зейнеті
513
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады. Ведомство мәліметінше, биылғы 7 айда қазақстандықтарға 1,7 триллион тңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне – 243,3 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 169,4 миллиард теңге бөлінген.
«2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды» делінген хабарламада.
Өткен шілде айында зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді. Содан бері орташа мөлшер шамамен 8 мың теңгеге азайғаны көрінеді.