Шетел азаматын ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған үш атыраулық ұсталды (видео)
Шетел азаматын ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған үш атыраулық ұсталды (видео)
© Сурет ғаламтордан
326
оқылды
Атырау қаласының 3 тұрғыны шетелдік азаматты ұрлап әкетіп, ақша бопсалаған, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» басылымы. Қылмыстық іс өткен жылдың сәуір айында болған. Үш ер адам Өзбекстан азаматын ұрлап әкетіп, елсіз жерге апарып ұрып-соғып, оның Lada Largus маркалы көлігін тартып алған.Содан соң оның отандасынан 500 мың теңге сұрап, ақша бопсалай бастаған. Алайда кейінірек олар 300 мың теңгеге тоқталған. Зардап шегушінің досы оларға 20 мың теңге ғана береді. Қаскөйлер қалған соманы екі күннің ішінде жинап әкелуді талап етеді. Егер ақша әкеле алмаған жағдайда көлікті бөлшектеп сатып жіберетіндерін айтқан. Қылмыскерлерді 17 сәуір күні ұстаудың сәті түскен. Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 126-шы «Еркінен тыс бас бостандығынан айыру» және ҚР ҚК 194-ші «Бопсалау» баптары бойынша бірден сотқа дейінгі тергеу істерін жүргізген. Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық топ мүшелерінің бәрі кінәлі деп табылды және оларға 3 жыл 6 ай мерзімінде бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сотталғандардың бірі сондай-ақ, 10 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа жегілетін болды. https://www.youtube.com/watch?v=c_rZrvR1m5M&feature=emb_logo