Алматы полициясы ұрлагған алтын жасырылған орынды тапты. Жетісу аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдары ұрланған.
«Ұрлық фактісі бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кірген. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, 100 миллион теңгенің әшекей бұйымдарын қолды еткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Ол – 35 жастағы Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақыт өткізуді жоспарлаған көрінеді», – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.Ер адамның ұрлаған мүлікті жасырған жері де анықталған. Ол ұрланған алтындарды қала шетіндегі далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.