200-ден астам өтініш айтылды
200-ден астам өтініш айтылды
372
оқылды
Nur Otan партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиа­лын­да кезекті ашық есік күні өтті. Nur Otan партиясының облыс­тық филиалы ұйымдастырған қабыл­дауға Байтерек, Теректі, Ақ­жайық және өзге де аудан, қалалар­дың тұрғындары келіп, өтініштері мен талап-тілек­терін айтты. Оларды филиал төра­ғасы және облыс әкімдігіне қарасты 24 басқарманың басшылары мен орынбасарлары және Батыс Қа­зақ­стан облысының полиция де­партаментінің өкілдері қабылдады. Қоғамдық қабылдауда 200-ден астам тұрғынның өтініштері мен шағымдары тыңдалды. Олар­­дың арасында атаулы әлеу­­мет­тік көмек алу, тұрғын үй мә­се­лесі, жұмыспен қамту, жер мен бас­пана кезегі, меди­ци­на, ин­фра­құры­лымға қатысты өті­ніш­тер көп болды. Сонымен бірге атау­лы әлеуметтік көмек бойын­ша кел­ген көпбалалы аналар­дың да талаптары ескеріліп, бақылауға алынды. Nur Otan партиясы Батыс Қа­­зақ­стан облыстық филиалы тө­ра­­ғасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, 2019 жылдың тамыз айында қабыл­дан­ған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ашық есік күні әр тоқсан сайын жүзеге асады. Бүгінде Батыс Қазақстан облы­сында партияның 14 қоғамдық қа­былдау бөлмесі қызмет етеді. 2019 жылдың қорытындысы бо­йынша, қоғамдық қабылдау бөл­мелеріне 7 142 арыз-шағым келіп түсіп, 35%-ы оң шешімін тапты.   Әбілмансұр ЖАСАН